• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бұйрығы  №744

213 рет
көрсетілді

  2015 жылғы 23 желтоқсан, Астана қаласы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Капиталмұнайгаз» республикалық мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 139-бабының 7-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Капиталмұнайгаз» республикалық мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Персоналды дамыту басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қантардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі В. ШКОЛЬНИК Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №744 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Капиталмұнайгаз» республикалық мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттары 1.Жалпы ереже 1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Капиталмұнайгаз» республикалық мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 139 - бабына 7 - тармағына сәйкес әзірленді және «Капиталмұнайгаз» республикалық мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі - «Капиталмұнайгаз» РММ) қызметпен шұғылданатын азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу шарттары мен тәртібін анықтайды. 2. Азаматтық қызметшілерді аттестаттау - олардың біліктілік және, кәсіби деңгейлерін, іскерлік қасиеттерін анықтау, біліктілік санаттарын (разрядтарын) белгілеу бойынша мерзімді жүзеге асырылатын рәсім. 3. Азаматтық қызметшілердің оларға жүктелген міндеттерді орындау қабілеттілігі аттестаттау кезінде бағалаудың негізгі өлшемшарты болып табылады. 4. Жүкті әйелдерден басқа барлық азаматтық қызметшілер аттестаттауға жатады. 5. Азаматтық қызметшілер азаматтық қызметке келгеннен кейін әрбір үш жыл сайын аттестаттаудан өтеді, бірақ аттестаттау көрсетілген мерзім басталған күнінен бастап алты айдан кешіктірілмей өткізіледі. Бұл ретте, аттестация аталған мерзім басталған күннен бастап алты айдан аспайтын мерзімде өткізіледі. Азаматтық қызметшілерді олардың өтініші бойынша белгіленген мерзімге дейін аттестаттаудан өткізуге болады. 6. Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалысындағы азаматтық қызметшілер қызметке шыққаннан кейін алты айдан соң аттестатталады. 7. Аттестаттау мынадай бірізді кезеңдерді қамтиды: 1) аттестаттаудын өтуге дайындық; 2) аттестаттау комиссиясы өткізетін азаматтық қызметшілермен әңгімелесу; 3) аттестаттау комиссияның шешімін шығару 2. Аттестаттауды өткізуге дайындықты ұйымдастыру 8. Аттестаттау өткізуге дайындықты басшының тапсырмасы бойынша «Капиталмұнайгаз» РММ кадр қызметі (бұдан әрі – кадр қызметі) ұйымдастырады және ол мынандай іс-шараларды қамтиды: 1) аттестаттаушыларға қажетті құжаттарды дайындау; 2) аттестаттау өткізу кестелерін әзірлеу; 3) аттестаттау комиссияларының құрамын анықтау; 4) аттестаттау өткізудің мақсаттары мен тәртібі туралы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру. 9. Кадр қызметі осы Қағидалардың 4,5 және 6-тармақтарына сәйкес аттестаттауға жататын азаматтық қызметшілерді алты ай ішінде бір рет анықтайды. 10. «Капиталмұнайгаз» РММ басшысы кадр қызметінің ұсынысы бойынша аттестатталушы адамдардың тізімі, аттестаттау кестесі мен аттестаттау комиссиясының құрамы бекітілетін бұйрық шығарады. 11. Кадр қызметі азаматтық қызметшілерге аттестау өткізудің мерзімі туралы ол басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей жазбаша хабарлайды. 12. Аттестаттауға жататын азаматтық қызметшінің тікелей басшысы қызметтік мінездемені ресімдейді және оны кадр қызметіне жолдайды. 13. Қызметтік мінездеме аттестатталушы азаматтық қызметші қызметінің нәтижесін және оның кәсіби, тұлғалық қасиеттерін объективті бағалауға негізделеді. 14. Кадр қызметі азаматтық қызметшіні оған берілген қызметтік мінездемемен аттестаттау комиссиясының отырысына дейін үш апта мерзімінен кешіктірмей таныстырады. 15. Азаматтық қызметші оған берілген қызметтік мінездемемен келіспеген жағдайда кадр қызметіне оған мінездеме беретін ақпаратты ұсына алады. 16. Кадр қызметі осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша азаматтық қызметшіге аттестаттау парағын ресімдейді. 17. Кадр қызметі жинақталған аттестаттау материалдарын аттестаттау комиссиясына жолдайды. 3.Аттестаттау комиссиясы 18. Аттестаттау комиссиясы кадр қызметінің ұсынысы бойынша «Капиталмұнайгаз» РММ басшысымен құрылады және комиссия мүшелері мен хатшыдан тұрады. Комиссия мүшелері құрамынан төраға тағайындалады. Аттестаттау комиссиясының төрағасы оның қызметін басқарады, оның отырыстарында төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, жалпы бақылауды жүзеге асырады және қызметіне, қабылдаған шешімдеріне жауапты болады. 19. Аттестаттау комиссиясының құрамына «Капиталмұнайгаз» РММ-нің құрылымдық бөлімшелер, соның ішінде кадр және заң кызметінің басшылары, «Капиталмұнайгаз» РММ жұмыскерлерінің өкілдері кіреді. Аттестаттау комиссиясының мүшесі қатыспаған жағдайда, оның орнын алмастыруға жол берілмейді. Кадр қызметінің басшысы анықтайтын кадр қызметінің өкілі аттестаттау комиссиясының хатшысы болып табылады. Аттестаттау комиссиясының хатшысы комиссия отырысына тиісті материалдарды, қажетті құжаттарды дайындайды және оны өткізгеннен кейін хаттаманы ресімдейді. Хатшы техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, аттестаттау комиссиясының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және оның дауыс беруге құқығы жоқ. 20. «Капиталмұнайгаз» РММ басшысы лауазымындағы адамды аттестаттаудан өткізу үшін аттестаттау комиссиясын оны осы лауазымға тағайындаған лауазымды адам құрады. 21. Аттестаттау комиссиясының мүшелері аттестаттаудан жалпы негізде өтеді. 22. Аттестаттау комиссиясының отырысы, егер оған оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп саналады. 23. Дауыс беру нәтижесі комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен анықталады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. 24. Аттестаттау комиссиясының мүшелері ерекше пікір білдіруі мүмкін, ол жазбаша түрде жазылады және комиссия хаттамасына қоса беріледі. 4. Аттестаттауды өткізу 25.Аттестаттау комиссиясы аттестатталушы азаматтық қызметшінің қатысуымен аттестаттауды өткізеді. Аттестатталушы комиссияның отырысына дәлелді себептермен қатыспаған жағдайда, оны аттестаттау мәселесін қарау комиссия көрсеткен неғұрлым кеш мерзімге ауыстырылады. 26. Комиссия отырыс барысында ұсынылған құжаттармен танысып, аттестатталушы адамды тыңдайды. Аттестатталушы адамға берілетін сұрақтар кәсіби және біліктілік даярлық, іскерлік қасиеттер мәселелеріндегі құзіреттілігінің деңгейін анықтауға бағытталады. Аттестатталушы адамның кәсіби және біліктілік даярлығын, іскерлік қасиеттерін талқылау шынайы, сыпайы және жанашырлық жағдайында өтеді қажет. 27. Аттестаттау комиссиясы ұсынылған құжаттарды зерделегеннен және азаматтық қызметшімен әңгімелесуден кейін мынадай шешімдердің бірін қабылдайды: 1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді; 2) қайта аттестаттауға жатады. Оң шешім қабылдаған кезде комиссия тиісті біліктілік санатын (разряд) белгілдейді (растайды). 28. Аттестаттау комиссиясының шешімі ашық дауыспен қабылданады. 29. Қайта аттестаттау осы Қағидалардың 4 - тарауында анықталған тәртіпте алғашқы аттестаттау өткізген күннен бастап үш айдан кейін өткізіледі. Қайта аттестаттау өткізген комиссия төмендегі шешімдердің бірін қабылдайды: 1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді; 2) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді. Атқаратын лауазымына сәйкес келген жағдайда коммиссия осы Қағидалардың 27- тармағының екінші бөлігін ескеріп, шешім шығарады. 30. Аттестаттау комиссиясының шешімі отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің және хатшының қолы қойылатын хаттамамен ресімделеді. 31. Азаматтық қызметші аттестаттау комиссиясының шешімімен таныстырылады. 32. Азаматтық қызметшінің аттестаттау парағы және қызметтік мінездемесі оның жеке іс қағазында сақталады. 33. Азаматтық қызметшілер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аттестаттау комиссиясының шешіміне шағымдана алады. Азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарына қосымша Нысан Аттестаттауға жататын азаматтық қызметші аттестаттау парағы Аттестаттау түрі: кезекті -_____ ; қайталап - _______ (керектісін X белгісімен белгілеу керек) 1. Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) _________________________________________ 2. Туған күні 19___ж. «_____» _________ 3. Білімі, біліктілігін арттыру, қайта даярлаудан өту жөніндегі мәліметтер (қашан және қандай оқу орнын тәмамдаған, білімі бойынша мамандығы, біліктілігін арттыру, қайта даярлаудан өту құжаттар, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, берілген күні) ___________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________ 4. Атқаратын лауазымы және тағайындалған күні, біліктілік санаты (разряды)________________________ _________________________________________________________________________________________ 5. Жалпы еңбек өтілі - ______________________________________________________________________ 6. Азаматтық қызметші лауазымдарындағы жалпы жұмыс өтілі __________________________________________________________________ 7. Аттестаттау комиссиясы мүшелері айтқан ескертулер мен ұсыныстар: ______________________________________________________________ __________________________________________________________________ 8. Аттестатталушының пікірі ________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 9. Аттестатталушының қызметтік мінездемесі бойынша азаматтық қызметшінің қызметін тікелей басшысының бағалауы _________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ 10. Отырысқа аттестаттау комиссиясының _____ мүшесі қатысты. 11. Дауыс беру нәтижелері бойынша қоса берілетін бағалау парағына сәйкес аттестаттау комиссиясының әрбір мүшесі толтыратын азаматтық қызметшінің қызметін бағалау: 1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді (дауыс саны)_________; 2) қайта аттестаттауға жатады (дауыс саны) _________;* 3) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді(дауыс саны)____ 12. Біліктілік санаты (разряды): 1) _________ (жазумен) біліктілік санатына (разрядына) сәйкес келеді ______________________ (дауыс саны) _________________________________ (әр біліктілік санаты бойынша жеке) 2) біліктілік санатын (разрядын) белгілеуге негіз жоқ (дауыс саны) _____________. Қорытынды бағалау __________________________________________________________________ (біліктілік санатының (разрядының) цифрлық белгісі жазумен жазылады) 13. Аттестаттау комиссиясының ұсынымдары (дәлелдемелерімен қоса)_______________________ ______________________________________ _____________________________________________ 14. Ескертпелер ______________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________ Аттестаттау комиссиясының төрағасы: ________________________ (қолы) Аттестаттау комиссиясының хатшысы: ________________________ (қолы) Аттестаттау комиссиясының мүшелері: ________________________ (қолы) ________________________ (қолы) ________________________ (қолы) ________________________ (қолы) Аттестаттау өткізілген күні «____»_______________20 жыл Ұйым басшысының аттестаттау қорытындысы бойынша шешімі __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ Аттестаттау парағымен таныстым:_____________________________________ (азаматтық қызметшінің қолы және күні) Ұйым мөртаңбасының орны * қайта аттестаттаудан өту кезінде қойылмайды Аттестаттауға жататын азаматтық қызметшіні аттестаттау парағына қосымша Нысан Аттестаттауға жататын азаматтық қызметшіні бағалау парағы (аттестаттау комиссиясының мүшесі толтырады) Аттестаттау түрі: кезекті - ; қайталап - (керектісін X белгісімен белгілеу керек) Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) _______________________________________________________________________________ Лауазымы______________________________________________________________________ Аттестатталушының бағасы________________________________________________________ (өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз) Аттестаттау комиссиясы мүшесінің шешімі (көрсетілгендердің бірі: атқаратын лауазымына сәйкес келеді; қайтадан аттестаттауға жатады*; атқаратын лауазымына сәйкес келмейді): ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ Комиссия мүшесінің өз шешімін негіздеуі: ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ Біліктілік санатына (разрядына) сәйкес келеді_________________________________________ Біліктілік санатын (разрядын) белгілеу үшін негізі жоқ __________________________________ Негіздеме:______________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________ Аттестаттау комиссиясының мүшесі: ________________________ (Т.А.Ә., қолы) Аттестаттау комиссиясының хатшысы: ________________________ (Т.А.Ә., қолы) Аттестаттау өткізілген күні «_____»_______________20 жыл *қайта аттестаттаудан өту кезінде қойылмайды Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12704 болып енгізілді.